Лондонда 79 адамның өмірін жалмаған өрт тоңазытқыштың ақауы салдарынан шыққан

АСТАНА. ҚазАқпарат - 79 адамның өмірін жалмаған Лондондағы Grenfell Tower көп қабатты үйінде шыққан өрт тоңазытқыштың ақауы салдарынан болған.

Бұл туралы жұма, 23 маусым күні BBC News хабарлады.

Ғимараттың сыртқы қаптамасы қажетті сынақтан өтпегендігі аталып өтілді. Оның жанғыш материалдан жасалғаны бұрын да айтылған. Полиция «Абайсызда өлтіріп алу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені қарастыруда.

Лондонның батысында орналасқан 24 қабаттық ғимарат 14 маусым күні түнде отқа оранды. 150 пәтер орналасқан көп қабатты үй толығымен жанып кеткен. Соңғы дерек бойынша, із-түзсіз жоғалғандар мен қаза тапқандар саны 79 адамға жеткен.