Лондонда АХҚО жанындағы құқықтық консультативтік кеңесінің отырысы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонда «Астана» Халықаралық қаржы орталығы жанынан құрылған консультативтік-кеңесші орган - Құқықтық консультативтік кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады АХҚО баспасөз қызметі.

Отырысқа АХҚО-ның басқарушысы Қайрат Келімбетов, Құқықтық консультативтік кеңес құрамына кіретін Ұлыбританияның жетекші заң фирмаларының өкілдері қатысты. Отырыста АХҚО бірқатар актілерінің жобалары мақұлданды. Сондай-ақ Лондонда АХҚО басшысының қатысуымен ағылшындық жалпы құқық негізде қызметті жүзеге асыратын АХҚО қаржы соты судьясының лауазымына әлеуетті кандидаттарды іріктеу үдерісі басталды.

АХҚО жанындағы Құқықтық консультативтік кеңес 2017 жылы АХҚО жанындағы консультативтік кеңесші органы түрінде құрылды. Кеңестің міндетіне АХҚО акті жобаларын қарау және сараптау, басқа да консультативтік жұмыстарды жүргізу кіреді. Бұдан басқа, Кеңес қызметі АХҚО-ға Англия мен Уэльс қағидаттарын, нормаларын және құқық үлгілерін енгізуге, қолдануға, сондай-ақ жетекші әлемдік қаржы орталықтарының стандарттарына сәйкес құқықтық базаны қалыптастыруға ықпал етеді. «Астана» халықаралық Қаржы орталығы ҚР Президентінің басмашылығымен құрылды.

АХҚО мақсаты - халықаралық деңгейдегі қаржы қызметтерінің жетекші орталығын қалыптастыру, АХҚО міндеттері ел экономикасына инвестицияларды тартуға жәрдемдесу, қаржы қызметтері саласына инвестиция құю үшін тартымды орта қалыптастыру, ҚР бағалы қағаздары нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтармен интеграциялануын қамтамасыз ету.