Қаланың орталығында өткен шерулердің бірі ультраоңшыл белсенді Стивен Яксли-Леннон ұйымдастырған акция болды. Маршқа қатысушылар босқындар санының көбеюіне және жаппай миграцияға қарсы пікір білдірген.
Ұлыбританияның премьер-министрі Кир Стармер шеру басталмай тұрып ұйымдастырушыларды қоғамда өшпенділік пен алауыздықты әдейі қоздыруға тырысты деп айыптады.
Мәліметке сәйкес, Томми Робинсон ұйымдастырған 2025 жылғы қыркүйектегі антимигранттық акцияға шамамен 150 мың адам қатысқан.
Сонымен қатар Лондонда Палестина халқының «Накба» – «апат» күніне арналған жыл сайынғы шеру өтті. Бұл күн 1948 жылы Израиль мемлекеті құрылған кезде шамамен 700 мың палестиналықтың өз жерінен көшірілуімен байланысты.
Екі акция қатысушылары арасында қақтығыс болмауы үшін қала көшелеріне 4000 полиция қызметкері жұмылдырылған.
Лондон полициясы мәліметінше, күн ортасына дейін түрлі құқық бұзушылықтар бойынша 31 адам ұсталған. Соған қарамастан, құқық қорғау органдары екі шеру де «елеулі оқиғаларсыз» өткенін атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлыбританияда министр Джесс Филлипс наразылық ретінде қызметінен кеткені хабарланды.