Трамвайдың 42 жасар жүргізушісі байқаусызда адам өлтірді деген айыппен қамауға алынды. Қайғылы жағдайдың себептерінің бірі - жүргізуші трамвайды басқарып келе жатып қалғып кетуі мүмкін.
Оқиғаға байланысты таратылған мәліметтерде трамвайдың қатты жылдамдықпен келе жатып, бұрылыста аударылып қалғандығы айтылады.
Британия Премьер-Министрі Тэреза Мэй мен Лондон мэрі Садик Хан оқиға салдарынан мерт болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.
Трэмлинк (кройдондық трамвай) 2000 жылы ашылған трамвай жүйесі. Трэмлинк құрылысын салудың басты себептерінің бірі - Кройдонда метроның жоқтығы болған.