Лондонда Astana Arlans - British Lionhearts ойынына билеттер онлайн арқылы сатыла бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Astana Arlans» командасы мен британдық «British Lionhearts» командасы арасындағы жартылай финал матчына билеттер онлайн арқылы сатыла бастады. Ол Лондонда 26-27 мамыр күндері өтеді.

Ұлыбритания астанасында тұратын қазақстандық жанкүйерлер билетті tickets.sky.com. сайтынан ала алады.

Дүниежүзілік бокс сериясы (World Series of Boxing) VI маусымының финалына өтетін кездесуді тікелей эфирде «Хабар» арнасы Астана уақытымен сағат 01.00-де көрсетеді.