«Жылдың үздік фильмі» аталымындағы жеңіске үміттілердің бірі америкалық режиссер Томас Маккартидің "В центре внимания" картинасы. Ол католиктік шіркеудің дін қызметшілерінің балаларға зорлық-зомбылық көрсеткеніне байланысты туындаған жанжал негізінде түсірілді. Жеңіске жету мүмкіндігі Алехандро Гонсалес Иньярритудің "Выживший" вестерн-триллерінде де жоғары. Өзге номинанттардың ішінде - Адам Маккейдің "Игра на понижение", Тодд Хейнстің "Кэрол" және Стивен Спилбергтің "Шпионский мост" картиналары бар.
18:49, 14 Ақпан 2016
Лондонда BAFTA сыйлығын тапсыру салтанаты өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдік кинематография жұлдыздары жексенбі күні Лондонда жиналмақ. Мұнда жыл сайынғы Британиялық кино және телевизиялық өнер академиясының (BAFTA) сыйлығымен марапаттау рәсімі өтеді.