Лондонда белгісіз біреу полицейге пышақ ала жүгірді

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Лондондағы Букингемский сарайының алдында белгісіз ер азамат пышақпен екі полиция қызметкеріне шабуыл жасады. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Ер адам тәртіп сақшылары  оны ұстамақ болғаннан кейін, оларды тарпа бас салған. Екі офицер аздаған жарақат алды, оларға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.

Оқиғаның жай-жапсары тексерілуде.