Жергілікті билікке сілтеме жасап Sky News телеарнасы хабарлағандай, жарылыс ғимарат қонақүйінің асханасында орын алған. Алайда оның себебі әзірге анықталған жоқ.
Алты адамға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. Қалғандары ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің жарақаттары аса ауыр емес.
Ғимараттағылар толықтай қауіпсіз жерге шығарылды. Артынша оқиға орнына 100-ден астам полицейлер, өрт сөндірушілер мен жедел медициналық көмек қызметкерлері келді, деп жазады rosbalt.ru.