Лондонда Черчилль, Сталиннің қызы тұрған пәтер жалға берілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонда арендаға берілетін үйлердің қатарына тарихи нысан -екі деңгейлі пәтер, 1930 жылдары Ұлыбритания премьер-министрі Уинстон Черчилдің меншігінде болған пәтер қосылды.

Мұнда біршама уақыт Иосиф Сталиннің қызы Светлана Аллилуева да тұрған, деп жазады Lenta.ru.

Пәтерде жалпы аумағы 256 шаршы метр төрт жатын бөлме бар.

Черчилль мен оның зайыбы мұнда  1930-ыншы жылдың басынан 1939-ыншы жылға дейін тұрған.

Соңынан осында Иосиф Сталиннің қызы Светлана Аллилуева орналасты. Шамамен он жылдың айналасында жылжымайтын мүлік MTV Networks International Билл Родидің меншігінде болған.

Арендалық ақы аптасына  2,9 мың доллар болып отыр.