Лондонда «Қазақстан: өсудің жаңа көкжиектері» 4-ші жылсайынғы халықаралық форумы аяқталды

АНА. Маусымның 20-сы. ҚазАқпарат – Лондонда «Қазақстан: өсудің жаңа көкжиектері» 4-ші жылсайынғы халықаралық форумы аяқталды.

Бұл шараны Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен «Адам Смит институты» әріптестік ұйымы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Құрамында ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің, министрліктер мен ведомстволардың, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының, қаржы институттарының басшылары бар қазақстандық делегацияны ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко басқарып барды. Форумның мақсаты ? біздің еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын, ҚР Үкіметінің экономиканы тұрақтандыруға бағытталған шараларын, Елбасының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы тұрғысында «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын талқылау, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мен нығайту. Форум аясында Британ-қазақстан сауда-өнеркәсіптік палатасының ресми ашылу салтанаты болды. Оның қызметі екі елдің шағын және орта бизнес өкілдерінің ынтымақтастығын нығайтуға және кеңейтуге бағытталған. Конфреенцияда Лондон Сити лорд-мэрі Иан Дэвид Лудер сөз сөйледі, ол алдағы айда Қазақстанға сапармен келмек. Оның алдағы сапары барысында Қазақстан-британ сауда-өнеркәсіптік палатасының 13-інші отырысы Астанада өткізілмек.