Лондонда көп пәтерлі тұрғын үй өртенді
14:46, 21 Қараша 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонның солтүстігіндегі бес қабатты көп пәтерлі үйлердің бірі өртеніп, бір адам қаза тапты, деп хабарлады The Independant сейсенбі күні.
Отты сөндіруге шамамен 10 машина мен 60-тан астам өрт сөндіруші жіберілді. Қазіргі уақытта тілсіз жау ауыздықталды. Өрт салдарынан ғимараттың екінші, үшінші және төртінші қабаттары айтарлықтай бүлінген. Полиция қызметкерлері өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.