Лондонда Күрдістан жұмысшы партиясымен байланысы бар деген күдікпен алты адам ұсталды

АСТАНА.KAZINFORM - Сәрсенбі күні Лондонда полицияның терроризмге қарсы қолбасшылығы «Күрдістан жұмысшы партиясы» тобымен байланысы бар деген күдікпен алты адамды қамауға алды.

Фото: x.com/TerrorismPolice

— Лондон полициясы бүгін таңертең әртүрлі мекенжайдан 59 жастағы әйел, 27 жастағы ер адам, 31 жастағы әйел, 62, 56 және 23 жастағы ер адамды ұстады, — делінген полиция хабарламасында.

Олар Ұлыбританияның Терроризм туралы заңының 41(1) бөліміне сәйкес ұсталды, бұл құқық қорғау органдарына терроризмге күдіктілерді ордерсіз ұстауға мүмкіндік береді.

Ұсталғандардың барлығы қамауда.

Лондон полициясының лаңкестікке қарсы қолбасшылық тобының жетекшісі Хелен Фланаганның айтуынша, қамауға алу Ұлыбританиядағы заңсыз «Күрдістан жұмысшы партиясымен» байланысты әрекеттерді анықтауға бағытталған ауқымды тергеудің нәтижесі.