Лондонда күзгі киім үлгісі көрмесі ашылады
20:20, 16 Қыркүйек 2011
АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Лондонда күзгі киім үлгісі (LFW) көрмесі ашылады, деп жазады «Взгляд» газеті.
Апталық өзінің дәстүрлі басты алаңында - тарихи ғимарат Сомерсет-хаусте өтеді. Бұдан басқа көрсетілімдер мен көрмелер Ковент-гарден және Олд-Биллингсгейт базарларында одан кейін Король операсы Ковент-гарден ғимаратында, сондай-ақ, вокзалдың ескі платформаларының бірі Ватерлоода қойылмақшы.
LFW - әлемдегі киім үлгісінің ең бір демократиялық апталығы. Мұнда жүргізуші британдық дизайнерлермен бірге дүниежүзінің түкпір түкпірінен дебютантар өздерін көрсетіп қалуға тырысады.