Бүгін Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов ол азамат Елшілік қызметкері екенін, бірақ, дипломат емес, техникалық қызметкер болғанын айтып берді.
«Ол Елшілік қызметкері. Бірақ, техникалық қызметкері. Ондай факт болған. Осы факт анықталағннан кейін техникалық қызметкер бірден елге қайта шақырылды. Қазіргі таңда ол азамат Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігінде жұмыс істемейді», - деді Ә.Жайнақов.
«Осы жерде баса айта кетерлігіміз, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның өзге мемлекеттердегі дипломатиялық мекемелері кез келген тәртіп бұзушылыққа «мүлде төзбеу» саясатын ұстанады», - деп толықтырды Ә.Жайнақов.