Лондонда Мұхтар Әбіләзовты қамауға алу мәселесі бойынша сот тексеруі аяқталды

None
АЛМАТЫ. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін «БТА Банкі» АҚ-ның өтініші бойынша Лондонның Жоғарғы сотында Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбіләзовты қамауға алу туралы сот тексеруі аяқталды.

Ол Әбіләзов пен оның сыбайластары заңсыз иеленген миллиардтаған активтерді қайтару мақсатындағы БТА Банкі дауларының бір бөлігі болып табылады. 2010 жылғы қарашада судья Әбіләзов мырзаның анықталған активтерінің сырттай, тәуелсіз басқарылуын енгізу туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде сыртқы басқару бірнеше рет ауысты, енді, ол 600-ден астам компанияға тарады. БТА Банк Әбіләзов аталмыш бұйрықты бұзып бақылауындағы активтерді басқарды, иемденген активтерге қатысты сотты адастырды және жалған ақпараттар берді, деп 2011 жылғы 16 мамырда қамауға алу туралы өтініш берді. Қазақстандық қаржы инстиутының баспасөз қызметінің хабарлауынша, БТА Банкі бұл өтінішті активтердің одан әрі тоналуын тоқтату мақсатында жасап отыр. Бүгінгі күні, БТА Банкі Англияда Әбіләзов мырзаға және басқа тұлғаларға қарсы тоғыз шағым берді. Барлық шағымдардың жалпы сомасы шамамен 5 млрд. АҚШ долларын құрайды. Жалпы ағымдағы жылдың маусым айында Әбіләзов мырзаның қайын інісі және жақын қызметтесі Сырым Шалабаев сотты құрметтемегендігі үшін 18 айға қамауға алынған еді. Қазан айында ағылшын апелляциялық сотымен Мұхтар Әбіләзовтың көмекшісі Пол Китреотис де сотты құрметтемегендігі үшін 21 айға қамауға алынды.