Лондонда Пәкістанның жетекші партияларының бірінің қайраткері өлтірілді

None
АСТАНА. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні кешкілік уақытта Ұлыбритания астанасында Біріккен ұлттық қозғалыс аталатын Пәкістандағы жетекші саяси партияның көрнекті қайраткері өлтірілді. Бұл туралы Sky News телеарнасы хабарлады.

Полиция өкілдерінің ресми мәліметтері бойынша, 50 жастағы Имран Фарукке оның үйінің жанында қастандық жасалған. Ол пышақ жарақаты салдарынан қайтыс болды.

И. Фарук өз отанында саяси көзқарасы үшін қуғынға ұшырауына байланысты 1999 жылы Ұлыбритания үкіметінен бассауға сұраған болатын, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.