Лондонда полиция қызметкеріне мачетемен шабуыл жасалды

Фото: None
ЛОНДОН – НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Лондонда белгісіз біреу полиция қызметкеріне мачетемен шабуыл жасады. Офицер ауыр халде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері Лейтонде фургонды тоқтатпақшыболғанда қолына мачете ұстаған көлік жүргізушісі тәртіп сақшысына шабуыл жасап,бірнеше жерден жарақаттаған.

Полицейлердің сөзінше, түн ортасындағы шабуыл «кенеттенәрі айуандылықпен» жасалды. Алайда, олар қаскөйге қарсы электр есеңгіреткіш пайдаланып үлгерген. Екінші офицер оныбірден қолға түсірді.

Зардап шеккен полиция қызметкеріауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда оның жағдайы «тұрақты ауыр» депбағалануда.

Лондон полициясы офицерлерКуперс-лейн және Лейтон-Хай-роуд жол қиылысында фургонды тоқтатуға тырысқанынмәлімдеді. Автокөлік тоқтамай қойып, артынан жүргізушісі көліктен шығып,полиция қызметкерлерінің біріне шабуыл жасаған.

50 жастағы ер адам оқиға орнындадене жарақатын келтіргені үшін күдікті ретінде ұсталып, Лондонның шығысындағыполиция бекетіне жауап алу үшін жеткізілді.

Полиция болған оқиғаны лаңестікәрекетке теңеуге негіз жоқ екенін мәлім етті.

ТатьянаКудренок

Соңғы жаңалықтар