Лондонда Страдиваридің қолынан шыққан скрипка бәссаудада 1 млн. долларға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонда өткен бәссаудада Антонио Страдиваридің қолынан шыққан бірегей скрипка 1 млн. долларға сатылды.

Бұл туралы "Инглес и Хайдей" аукционын ұйымдастырушылар хабарлады.

Аспаптың бастапқы құны 225 -290 мың доллар болған.

Сатып алуышының есімі хабарланбай отыр.

«Бұл аспаптың ерекше тарихы бар. Ол бесінші герцог Мальбороға тиесілі болған», - деп атап өтті бәссауда өкілі. Герцог әйгілі коллекционер, ол британдық премьер Уинстон Черчиллдің бабасы болған.

Бертінде скрипка белгілі итальяндық өнетанушы Гулельмо Марконибің інісінде сақталған.