Лондонда топ жарған атлеттерге берілетін сыйақы көлемі жария етілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық жеңіл атлетика федерациялар қауымдастығы (IAAF) Лондонда өтетін әлем чемпионатының жалпы жүлде қорын бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Жеңіл атлетика федерациясының сайтына сілтеме жасап.

Сенбі яғни 4 тамызда жеңіл атлетикадан XVI әлем чемпионаты басталады. Халықаралық доданың жүлде қоры 7 344 000 долларды құрап отыр.

Ал әлем рекордын орнатқан спортшы 100 мың доллардан алады. Сондай-ақ үздік сегіздікке енген спортшыларда құралақан қалмайды. Жекелей және эстафеталық сайыста үздік сегіздіктен көрінген атлеттерге сыйақы қарастырылған.

Әлем рекордын орнатқан атлет арнайы Word Record Award жүлдесімен марапатталады.

Жекелей сындағы жүлде көлемі:

1-орын - 60 мың доллар

2-орын - 30 мың доллар

3-орын - 20 мың доллар

4-орын - 15 мың доллар

5-орын - 10 мың доллар

6-орын - 6 мың доллар

7-орын - 5 мың доллар

8-орын - 4 мың доллар

Эстафеталық сайыстағы жүлде қоры:

1-орын - 80 мың доллар

2-орын - 40 мың доллар

3-орын - 20 мың доллар

4-орын - 16 мың доллар

5-орын - 12 мың доллар

6-орын - 8 мың доллар

7-орын - 6 мың доллар

8-орын - 4 мың доллар.