Трамвай рельстен шыққан сәтте аударылып кеткен, деп хабарлайды ТАСС. Бес адам вагонда қалып қойған. Оқиға орнында 70 құтқарушы жұмыс істеуде. Олар орындықтар қысып қалған үш жолаушыны шығара алды. Қалған екі зардап шегушіні құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, трамвай түні бойы жауған нөсер салдарынан аударылған.