Лондонда тұңғыш мұсылман қала мэрі ант қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон тарихында алғаш рет мұсылман қала басшысы Садик Хан ант қабылдап, лауазымына кірісті. Рәсім Саутуоркск кафедралық соборда өтті.

Лейбористік партиядан Хан барлық лондондықтардың мэрі болуға уәде берді.

Британия астанасы басшысының айтуынша, оның әкімшілігі қоғамның барлық бөлігін қамтиды, ал басқарма «ашық әрі қолжетімді» болмақ.

Ханды сайлау консерваторлардың сегіз жылдық басқаруын өзгертті. Бұдан бұрын қаланы Борис Джонсон басқарған болатын, деп жазады rosbalt.ru.