Бұл туралы Ресейғарыш хабарламасына сілтеме жасай отырып Утро.ру агенттігі хабарлады.
«Іс-шара «Лондондағы Юрий Гагарин апталығы» аясындағы іс-шаралардың негізгісі», - делінген ведомствоның ресми ақпаратында.
Гагариннің ескерткіші биыл қыста Ижевскіде жасалған және ресейлік белгілі сәулетші Анатолий Новиковтың 1984 жылы Гагариннің 50 жылдығына орай жасап шығарған ескерткішінің тура көшірмесі болып табылады. Ескерткіш Лондон орталығында бір жыл тұрған соң британдық мәдени институттардың біріне тапсырылады деп жоспарлануда.