Лондонда жасөспірім галереяның шолу алаңынан баланы лақтырып жіберді

Фото: None
ЛОНДОН-НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Лондон полициясы алты жасар ұлды өлтірмекші болған күдіктіні – 17 жастағы жасөспірімді ұстағаны туралы хабарлады. Күдікті осы демалыста Британия астанасындағы «Тейт Модерн» галереясының шолу алаңында баланы бір жарым метрлік қоршаудан асырып лақтырып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Британия жаңалықтар агенттігінің дерегі бойынша,баланы жексенбі, 4 тамызда «ТейтМодерннің»10-қабатында орналасқаншолу алаңынан тастап жіберген. Бүлдіршін бесіншіқабаттың шатырынан табылып, ауырхалде ауруханағажеткізілді.

Адам өлтіругеоқталған 17 жастағы жасөспірімді көру алаңында галереяға келгендер ұстап алған.Кейін оны полиция қызметкерлері тұтқындады.

Полицияның мәліметінше,күдікті мен зардап шегуші таныс болмаған. Оқиға кезінде 6 жасар ұл әлемге танымалкөркем галереяда отбасы мүшелерімен бірге жүрген. Куәгерлер шолу алаңына құлағанбаланың анасының: «Менің ұлым, бұл менің ұлым», - деп айғайлаған дауысынестіген.

Полиция күдіктіні ұстағанға дейін галереяғакелушілер іште болған.

«The Guardian»-ныңақпаратына сәйкес, 2018 жылы «Тейт Модерн» галереясы Ұлыбританияның туристерарасында ең танымал көрікті орындарының бірі болған. Оған 5,9 млн адам келген.

Соңғы жаңалықтар