Лондонда жүк көлігі адамдарды басып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонда жүк көлігі бір топ адамдарды қағып кетті, оқиға болған орын қоршауға алынды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Төтенше жағдайға байланысты жергілікті құқық қорғау органдары бірнеше адамның құрбан болғандығын, біреуінің тұтқынға алынғандығын мәлімдеді.

Еске салай кетейік, 3 маусымда Лондон көпірінде шағын автобус шамамен жиырмадай бір топ жүргіншіні соғып өткен еді. Сосын көліктен үш адам атып шығып, 30 сантиметрден ұзындау пышақтарымен маңайдағыларға шабуыл жасаған болатын. Нәтижесінде 7 адам мерт болып, 48 адам жарақат алды.