Лондондағы биік үйде болған өртте құрбан болғандардың саны алты адамға жетті

Фото: None
МӘСКЕУ. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат - Лондонның оңтүстігіндегі 12 қабатты үйде шыққан өртте құрбан болғандардың саны алты адамға жетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

 «Алты адам құрбан болды - үшеуі жас бала және үшеуі ересек адам», - деді Лондонның өртке қарсы қызмет өкілі. Бұл ақпаратты полиция және жедел жәрдем қызметінің өкілдері де растады.

 Соңғы деректер бойынша 13 адам ауруханаға түскен.