Лондондағы электронды тауар биржасында мұнай бағасының баррелі 101,74 долларға жетті

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат - 2 ақпандағы сауда қорытындысы бойынша Лондонның InterContinental Exchange Futures Europe (IСE Futures Europe) электронды тауар биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 0,73 долларға көтеріліп, 1 баррелі 101,74 долларға жетті, деп хабарлады РБК агенттігі.

Нью-Йорктегі New York Mercantile Exchange (NYMEX) тауар биржасында мұнай бағасы 1,42 долларға арзандап, баррелі 90,77 долларды құрады.