Лондондағы мейрамханада белгісіз біреу әйелді кепілдікте ұстап отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық астана орталығындағы мейрамханалардың бірінде пышақпен қаруланған белгісіз ер адам әйел адамды кепілде ұстап отыр, деп хабарлайды ТАСС.

Қала полициясында хабарлағандай, ғимаратта өзге де адамдар болуы мүмкін, алайда оқиғаның «лаңкестікке» қатысы жоқ.

Ақпаратқа сәйкес әңгіме Трафальгар алаңына жақын жердегі Ирвинг-стриттегі Bella Italia мейрамханасы жайында. Әйелді не үшін, қандай талаппен ұстап отырғаны әзірге белгісіз. Оқиға орнында қаскүнеммен байланысуға тырысқан полицейлер жұмыс істеуде.

БАҚ деректеріне сәйкес полицейлер қазір мейрамхананы толықтай қоршауға алды.