Оқыс оқиға салдарынан жақын маңдағы Лондонның орталық Чаринг-кросс вокзалы, Waterloo East теміржол стансасы жабылды. Аталағ аумақ қоршауға алынып, Стрэнд көшесіне кіретін жолдардың барлығы жабылған.
Лондон өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, Чаринг-кросс вокзалының маңындағы Крэвен-стрит көшесінде де газдан улану қаупі жоғары. Қазір мамандар газдың шығу себептерін айқындау жұмыстарын жүргізіп жатыр.