АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания билігі биылғы жылдың маусым айында Лондондағы Grenfell Tower тұрғын үйіндегі ірі өрт салдарынан зардап шеккендердің 80%-ына әлі пәтер берген жоқ, деп жазады Independent.
Лондондық Кенсингтон және Челси округтері кеңесінің басылымдарға берген ақпараттарына сәйкес, өрт салдарынан зардап шеккендердің ішінде 29 отбасына ғана уақытша тұрғылықты жер берілген.
Тағы 165 зардап шеккен отбасы әлі күнге дейін тұрғын үйге ие бола алмай отыр.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.