Лондондағы Паралимпиялық ойындарға Қазақстан атынан қатысатын спортшылардың тізімі
ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бұл еліміздің паралимпия ойындары тарихындағы алғашқы рекордтық көрсеткіш.
Лондон ойындарына жолдамаларды ұтып алған Қазақстанның мүгедектер спорты өкілдерінің тізімін ұсынамыз:
1. Асқарова Кәбира - пауэрлифтинг
2. Абжан Айбек - пауэрлифтинг
3. Ахметов Әнуар- жүзу
4. Байділдаева Айнұр - жеңіл атлетика
5. Ғабидуллина Зульфия - жүзу
6. Салимов Ислам - жеңіл атлетика
7. Харламов Сергей - жеңіл атлетика
2008 жылдың 19 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Паралимпиялық ойындарында көрсеткен жоғары жетістіктері үшін ұлттық құрама спортшылары мен жаттықтырушыларын ынталандыру мақсатында материалдық көмек көрсету туралы кейбір мәселелер туралы» № 167 Қаулысына сәйкес, Паралимпияда ойындарына қатысатын спортшылар мен жаттықтырушыларына берілетін материалдық көмектің көлемі төмендегідей:
1 орын - 50 мың доллар
2 орын - 35 мың доллар
3 орын - 25 мың доллар
4 орын - 14 мың доллар
5 орын - 6 мың доллар
6 орын - 4 мың доллар
Қазақстан Республикасының Паралимпиялық спорты туралы жалпы ақпарат:
1991 жылы Қазақстан мүгедектер дене тәрбиесі мен спорты қауымдастығы құрылды (төраға - Алевтина Фукс). Қауымдастықтың басты бағыты Қазақстанда мүгедектер спортын дамыту және елімізді әлемдік арендада таныту болды.
Сонымен қатар, қазақстандық зағип спортшылар одағы (төраға - Мейірбек Нүсіпбаев) және құлағы естімейтін спортшылар одағы құрылып, мүгедек спортшылардың барлық санаттары арасында жарыстар ұйымдастырыла бастады.
1992 жылы 500-ге жуық спортшы қатысқан 1 республикалық спартакиада ұйымдастырылды.
1993 жылы Қазақстан құрамасы Сток-Мандевиль ойындарына қатысып (арбаға таңылған мүгедектер арасындағы ресми емес әлемдік чемпионат), бірінші рет қола медальға (Штоль Леонид - пауэрлифтинг) ие болды.
Отырып ойнау волейболынан Қазақстан құрамасының спортшылары халықаралық жарыста оң нәтиже көрсетті. Сөйтіп, олар 1992 жылы өткен ТМД чемпионы, 1994-1998 жылдары екідүркін Азия чемпиондары болды. 1996 жылы Атланта паралимпиялық ойындарында 8 орын, 1998 жылы әлем чемпионатында 8 орынға ие болған Қазақстан құрамасын сол кезде жаттықтырған КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сауранбаев Ж.Н.
Пауэрлифтинг бойынша Колодюк Анатолий (Екібастұз) жоғары көрсеткіш көрсеткені үшін және пауэрлифтингты дамытуға үлес қосқаны үшін халықаралық Паралимпиялық Комитеті президетінің арнайы медалімен марапатталды. Тетюхин Евгений - дөңгелекпен жарыс бойынша барлық әлемді аралап шыққан, ағылшын тілін жетік меңгеріп, өзінің 62 жасында Афинада өткен 2004 жылғы Паралимпиялық ойындарға қатысқан. Муравьев Павел (Алматы) жүзуден Қазақстанның абсолютті чемпионы және рекордсмені, КСРО-ның 1980 жылғы Чемпионы.
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мүгедектер арасындағы спорттың дамуына ерекше көңіл бөліп келеді. Агенттік мүгедектердің барлық категориялары арасында чемпионаттар, республикалық спартаикидалар өткізуге қаржылай көмек көрсетуде. Сонымен қатар, елімізден қатысатын халықаралық жарыстарға да қосымша қаржы бөлінеді.
2001 жылы Астанада еліміздің барлық облыстарынан, Астана мен Алматы қалаларының құрама командалары қатысқан Қазақстан Республикасының І Паралимпиялық ойындары өтті. Бұл ойындар бүгінгі күнге дейін 4 жылда бір рет өткізіліп жүр.
Жыл сайын Қазақстанда 40-қа жуық чемпионаттар, 4 жылда бір рет республикалық спартакиада өткізіліп отырады.
Қазақстанның Ұлттық паралимпиялық Комитеті. 2003 жылы Қазақстанның Паралимпиялық комитеті құрлды. Ол спорттық ұйымдарды үйлестіруші және Халыаралық аренада мүгедек спортшылардың мүдделерін қорғаушы. Аталмыш ұйымның басышы болып Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Бамұхамедұлы тағайындалды.
Бүгінде Республика бойынша мүгедектер спортына арналған 8 спорттық мекеме жұмыс істеп тұр. Атырау облысында, Алматы мен Астана қалаларында 5 мүгедектер спорттық клубы, Алматы облысында 1 спорттық клуб бар, Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облысы Петропавловск пен Қызылорда қалаларындағы «Қарасай» атындағы жоғары жетістіктер шеберлігі мектебінде 2 бөлім ашылды.
Маңғыстау, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстары мен Алматы, Астана қалаларында мүгедектер спорты бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатыр.
2001 жылы Астана қаласында І Паралимпиялық ойындар өтті. Жалпы есптеу бойынша Алматы қаласының мүгедек спортшылары жеңімпаз атанды. Жеті жыл өткеннен кейін 2007 жылы Талдықорған қаласында (Алматы облысы) ІІ Паралимпиялық ойындар өтті. Бірінші орынды Алматы командасы, екінші орынды Қарағанды облысы, үшінші орынды Астана қаласының командасы иеленді.
ҚР Парламентінің және ҚР Үкіметінің көмегімен ҚР ҰПК мүгедек-спортшылар базасын ұйымдастыру, Паралимпиялық ойындарда, Азия және әлем чемпионаттарында жоғары жетістікке жеткен спортшыларға ақшалай көмек көрсету туралы мәселе қолға алынды. Сонымен қатар, осындай жарыстарға қатысатын қарапайым спортшылардың да ақшалай марапаттауының бағасын көтеру жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің көмегімен 5000-нан астам мүгедек-спортшылардың қатысуымен 70-тен аса республикалық чемионаттар және турнирлер өткізіледі, шетелдік жарыстарға бару ұйымдастырылады.