НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Лондонның шығысында ірі өрт шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Euronews-ке сілтеме жасап.
Тілсіз жау Баркинг ауданы Де Пасс Гарденс көшесіндегі жаңа көпқабатты үйдің алты қабатын шарпыды. Өртті сөндіруге 100-ден астам өрт сөндіруші және 15 техника жұмылдырылды.
Өрттің шығу себебі әзерге белгісіз. Зардап шеккендер жайлы да мәлімет жоқ. Болжам бойынша, тұрғындар дер кезінде ғимараттан шығып үлгерген.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.