Хабарламада айтылғандай, 19 жастағы жігіт сенбі күні кешкісін Лондонның шығысында қолға түсіп, оған Лондон көпіріндегі «лаңкестік әрекеттің ұйымдастырылуына және жүзеге асырылуына қатысы бар» деген айып тағылып отыр.
Қазіргі уақытта тағы алты азамат қамауға алынды.
Үшінші маусым күні автомобиль Лондон көпіріндегі бір топ адам соғып-жаншып, артынша көліктен шыққан қарулы үш террорист адамдарға шабуыл жасаған.
Айта кетейік, сегіз адам осы лаңкестік әрекеттің құрбаны болған.