Лондондағы террорлық актілерге қатысты 12 адам қамауға алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон полициясы өткен түнде британ астанасында орын алған террорлық актілерді тергеу аясында 12 адамды қамауға алды. Бұл туралы Скотленд-Ярд Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ТАСС.

Хабарламада «Лондон көпірінде және Боро-маркет базарында болған террорлық актілерге байланысты 12 адам қамауға алынды»,- делінген.

Соңғы деректерге қарағанда, Лондонда орын алған оқиғалардан 7 адам опат болып, 48 адам жараланды.