Лондондық «Арсеналдың» иесі клубты сатудан бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық бизнесмен Стэн Кронке Алишер Усмановтың лондондық «Арсенал» футбол клубы акцияларының бақылау пакетін сату жөніндегі ұсынысынан бас тартты.

Mirror басылымының мәліметіне сүйенсек,  Кронке клубтағы өзіне тиесілі 67,05% акциясын сатуға ниетті емес.

Сондай-ақ, ұсыныс құны арттырылған жағдайда да келісім жасалмайтындығы айтылып отыр. 

Бұған дейін ресейлік бизнесмен Алишер Усмановтың  Кронкеге «Арсеналдағы» акциясын 1,3 млрд еуроға сату жөнінде ұсыныс жасағандығы хабарланған болатын.