Лондондықтарға дыбыстан бірнеше есе жылдам автомобиль көрсетілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон тұрғындарына құрғақта рекорд орнатуға дайындап жатқан дыбыстан да бірнеше есе жылдам Bloodhound SSC автомобилі көрсетілді.

Британдық үкіметтің қолдауымен әзірге құрастырылу үстіндегі машинаны 2017 жылы сынақтан өткізбек. Ол сағатына 1609 шақырымды артқа тастайды деп күтілуде.

Bloodhound SSC-тің қорабы арнайы ашылып, жұртшылыққа күші 135 аттың күшін құрайтын агрегаты көрсетілді. Оның құрамына реактивті және гибридті зымырандық қозғалтқыш кіреді.

Автомобильдің ұзындығы 13,5 метр. Реактивті Rolls-Royce EJ200 қозғалтқышы Eurofighter Typhoon жойғыш ұшақтан алынған. Bloodhound SSC сағатына 1046 шақырымды көрсеткенде зымырандық гибритті күш қондырғысы қосылады. Алдын ала есепке қарағанда, сағатына 1609 шақырымдық жылдамдыққа жеткен кезде зымырандық гибридті кұш қондырғысы жұмыс істемек. Есеп бойынша, 1609 шақырым небәрі 55 секунтта артта қалуы тиіс. Ал бәсеңдету аэродинамикалық тежегіш және парашюттің көмегімен атқарылады.

Құрғақтағы Bloodhound SSC-тің алғашқы сынағы Ұлыбританияда 2016 жылғы наурызда өтеді. Онда 19 шақырымдық тректе машина сағатына 322 шақырымға жүйткитін болады. Екінші тест тамызды оңтүстікафрикалық шөлде өткізіледі. Осы жолы Bloodhound бұған дейін реактивті Thrust SSC автомобилі жасаған рекордты (сағатына 1228 шақырым) жаңартады деп күтіліп отыр.

Ең соңында, 2017 жылы үшінші жарыс өтеді. Онда машина сағатына 1609 шақырымды бағындыруы тиіс.