Бұл туралы өз дерек көздеріне сілтеме жасап The Guardian газеті жазып отыр.
Басылымның дерегі бойынша, Каддафидің ұлы Саиф әл-Исламның жақын серіктерінің бірі Лондонға осыдан бірнеше күн бұрын келген.
Ұлыбританияның сыртқы саясат ведомсвосындағы дерек көздің хабарлауынша, Лондон ливиялық елшіге Каддафидің билік басынан кетуі туралы шарт қойған.
Ал сәрсенбі күні Ливияның бұрынғы сыртқы істер министрі Мұса Кусаның Лондонға қашып келіп, саяси баспана сұрағанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
ВВС телекомпаниясы бұған дейін Триполи өкілі Ливия сыртқы саясат ведомствосын 2 жыл басқарған Мұса Кусаның шетелге дипломатиялық миссиямен аттанғанын хабарлаған еді.
"Бірақ Куса мырза өз лауазымынан кететінін британ өкіметіне мәлім етті", - деп хабарлады Британияның Сыртқы істер министрлігінен.
Куса сәрсенбі күні Англияның оңтүстігіндегі Фарнборо әуежайына Тунистен келіп қонған. Ливия министрімен британ арнайы қызметтерінің өкілдері ұзақ уақыт бойы сөйлесіп, оның ниетінің шынайылығына көз жеткізген. «Біз Каддафидің төңірегіндегілерді де осылай етуге шақырамыз», - делінген британдық ведомствосының мәлімдемесінде.