Лондоннан Гонконгке бағытталған рейс Алматы əуежайына шұғыл қонды
14:52, 17 Сәуір 2016
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Лондоннан Гонконгке бағытталған рейс Алматы əуежайына таңғы 8:55-те шұғыл қонды. Рейстің 4 айлық жолаушысына шұғыл көмек керек болған. Бұл ақпаратты əуежайдың анықтау бөлімінде растады.
Қызметкердің айтуынша, 4 айлық қыз бала дəрігерлер келгенше жүрек жетіспеушілігінен қайтыс болған.
Қазір ұшақ Гонконгке аттанып кетті. Ата-анасы баланың денесін Қытайға алып кетті.