Лондоннан ұшқан ұшақ Стокгольм әуежайына шұғыл қонды

АСТАНА. ҚазАқпарат - British Airways әуекомпаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы Стокгольм әуежайына шұғыл қонды, деп хабарлайды Vesti.az .

Ұшақ Ұлыбритания астанасы Лондоннан ұшып, Ресейдің Петербург қаласына бағыт алған болатын. Алдын ала болжам бойынша ұшақ қозғалтқышынан ақау табылған.