деп жазады британдық бұқаралық ақпарат құралдары.
«Дербес жедел көлік» жүйесі (Personal Rapid Transport, PRT) саяхатшыларды 4 шақырымдық трассамен сағатына 40 шақырым жылдамдықпен тасымалдайтын 20 шақты электромобильді қамтитын болады. Бұл жаңа көлікпен адам тасымалдаудың жылдық көрсеткіші 500 мың адамға жетуі мүмкін. 25 миллион фунт стерлингке (41 миллион доллар) түскен жаңа жүйе автокөліктері компьютерлік және лазерлік навигация негізінде жұмыс істейді және жүктерімен қоса 4 жолаушыны сыйдырады
Жобаны Advanced Transport Systems Ltd компаниясы мен Бристоль университеті жүзеге асырып отыр. Жүргізушісіз көлікті жолаушылар сенсорлық экраның көмегімен басқаратын болады, олар баратын жерін экранда көрсетсе болғаны.