Лондонның қақ ортасынан Шыңғыс хан ескерткіші ашылды

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Жақында Лондонның Гайд-паркі маңында әйгілі қолбасшы Шыңғысханның биіктігі 5 метрлік, 12 «қорғаушысы» бар алып ескерткіші бой көтерді.

Ескерткіштің авторы - өзін Шыңғысханның ұрпағы санап жүрген, якут сәулетшісі Даша Намдаков. Бұл туралы «Айқын» газеті жазды.

Шыңғысханның ескерткішін ашу - сәулетші Даша Намдаковтың «Лондон - 2012 олимпиадасы қар­саңында осында ашылған «Көшпендінің керуені» атты көрмесі аясында мүмкін болды. Бұл көрмеге якут сәулетшісінің 50-ден астам туын­дылары қойылған. Ал Шың­ғысханның ескерткіші осы көрменің беташар туындысы ретінде айқын­далып отыр. Ескерткіш Италияның солтүстігіндегі шеберханалардың бірінде жоғары сапалы қоладан құйыл­ған. Сәулетші Даша Нам­да­ковтың пікірінше, егер ол осыдан екі жыл бұрын оны Букингем сарайында Корольдің әйелі - Эдинбург герцогымен кездеспегенде оның алдынан мұндай мүмкіндік ашылмас еді. Сол жолы Дашаның қолынан шық­қан алуан түрлі ескерткіш мүсін жо­балары өзінің қайталанбас ерек­шелігімен ағылшындарды қайран қалдырыпты. Сөйтіп, жергілікті бас­шылық якут сәулетшісіне Шың­ғысхан­ның ескерткішін жасауды ұсыныпты.
О, баста үстіне сол дәуірдегі сауыт-саймандарды киген Шың­ғысханның нөкерлері жаппай ат үстінде бейне бір аспаннан жерге түсіп келе жатқандай қалыпта бей­неленуі тиіс болған көрінеді. Алайда Лондон қаласының басшылығы мұндай мүсінге неліктен екені бел­гісіз рұқсат бермепті. Сөйтіп, сәу­летші жергілікті басшылықтың ұсы­­ныс-пікірлерін ескеріп, Шың­ғыс­ханды өзге қырынан бейнелепті.