Лоран Фабиус Францияның СІМ басшысы қызметінен кететінін растады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лоран Фабиус Францияның СІМ басшысы қызметінен кетеді. Бұл туралы ол журналистерге Елисей сарайындағы Министрлер кеңесінің отырысынан кейін хабарлады.

"Бұл мен қатысқан министрлер кеңесінің соңғы отырысы болды", - деді ол.

Осыған дейін BFM-TV телеарнасына берген сұхбатында Лоран Фабиус: "СІМ - мен үшін жақсы министрлік болды. Франция жасалған шаруаларын мақтан тұта алады. Соның ішінде климаттың өзгеруі мәселелері бойынша БҰҰ Конференциясын өткізу арқылы біз әлем үшін біраз пайдалы іс тындырдық".

Франция Президенті Франсуа Олланд Фабиус кандидатурасын Конституциялық кеңес төрағасының лауазымына ұсынды.