«Соңғы ондаған жылда астаналарыңыз өсіп, әлемдік деңгейде инвесторлар үшін тартымды елге айналды. Біздің компания үшін адам - басты актив. Индустриялық дамуда бұл өте маңызды. Жұмысшыларды дамытуға көп көңіл бөлуіміз керек. Келешекте барлық жұмысшылар кәсіби біліктіліктен бөлек, технологиялық базаны толық меңгеруі керек», - дейді компания президенті.
Ол сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысында мұнай-газ мамандарын оқытатын орталық ашуға дайын екенін айтты.
«2005 жылы біздің компания тұңғыш корпоративтік университет ашты. Барлық салада цифрландыру жүріп жатыр. Сондықтан жұмысшылардың соған сай болуы маңызды. Біз қазір ғылым, технология, инжиниринг және математика салаларына басымдық беріп отырмыз. Осы уақытта біз 140 компанияда 35 ұлттың өкілін, яғни 1100 адамды білікті маман етіп дайындадық. Қазақстан бойынша мұнай-газ саласының мамандарын дайындау жобасын дайындап жатырмыз. Батыс Қазақстанда оқыту орталығын ашамыз. Ол жерде мұнай-газ саласының студенттері практикадан өтіп, қауіпсіздік ережелерін меңгеретін болады», - деді Лоренце Симонелли.
Форум алдында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Лоренцо Симонелли Қазақстанды екінші үйіне теңеген болатын.