Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) маусымда Гамбург, Будапешт және Рим тізімнен шыққаннан кейін, осы қалалардың ойын астаналары болатынын айтқан. Егер екі үміткер кім бірінші, кім екінші екенін өзара келіспесе, қайсы бірінші, екінші болатынын ХОК 13 қыркүйекте Димада анықтар еді.
Париж олимпиадалық ауылға бөлінген жер 2024 жылға бейін ғана бос екенін айтып өзіне жол беруді сұрады. Лос-Анджелес ойындар өткізу арзанға түсетінін айтты, себебі қалада олимпиадалық инфрақұрылым бар екенін хабарлады.
Бостон, Гамбург, Рим және Будапешт қоғамдық қолдаудың жоқтығынан ойын өткізуге қажетті қомақты қаражаттан сескеніп, күрестен бас тартты.
Енді олимпиадалық комитеттің негізгі міндеті келесі ойындар үшін әлеуетті үміткерлер іздеу.