Ғалымдар соңғы 12 жылда қала халқы дәл екі есе өсіп, 18,6 млн. адамға жеткенін анықтады және мегаполистің ұлттық құрамы да теңбе-тең.
Халық санағы бүгінде қалада 26 пайыз ақ түсті ағылшын тілді американдықтар, 25 пайыз латынамерикандықтар, 22 пайыз афроамерикандықтар және 22 пайыз Азия құрлығынан шыққандар тұратынын көрсетті. Мегаполис тұрғындарының 48 пайызы 30 бен 44 жастың аралығындағылар, 45-60 жастағылар - 40 пайызды құрайды, ал шапшаң өсіп келе жатқандар - 18-29-дағы жастар.
Лос-Анджелесте әртүрлі ұлттық топтар мен діндер өкілдері төзімділік танытып, тату өмір сүруде, деп атап өтеді зерттеушілер. Әлеуметтік сауалдамалар мәліметтері бүгінде қала орталығын ең қауіпсіз деп санайды.