Лос-Анджелес әуежайында China Southern лайнері буксирмен соқтығысып қалды

АСТАНА ҚазАқпарат - Қытай компаниясының China Southern Airlines авиалайнері америкалық Лос-Анджелес қаласы әуежайында буксирмен соқтығысып қалды, деп мәлімдеді 'Синьминьван' сайты.

CZ0328 рейсінің Airbus A380 авиалайнері  Қытайдың Гуандун провинциясындағы Гуанчжоу қаласына кешірек ұшып шығуы тиіс еді, деп хабарлайды олар.  

Сайт жариялаған фотосуреттерден ұшақтың шасийінің алдыңғы тіреуішімен буксирге соғылғанын көруге болады. Соқтығысу салдарынан буксирдің кабинасына зақым келген.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Фото: © Flickr/ byeangel