Лос-Анджелес «Оскар» сыйлығын тапсыру салтанатына әзірленуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Киносыйлықты тапсырудың 86-шы салтанаты мәскеу уақытымен 3 наурызда Лос-Анжджелестегі Hollywood and Highlandойын-сауық орталығында өтеді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Лос-Анджелестегі жауынды күн райы салтанатты ұйымдастырушылардың жоспарына өзгерістер енгізді. Голливуд бульварындағы алаңда Dolby театрының алдында жауыннан қорғайтын арнайы жабындар орнатылды.

Голливуд жұлдыздарының қызыл кілем үстімен өтуі 2 наурыз күні жергілікті уақытпен сағат 16.00-да (мәскеу уақытымен 3 наурызда, сағат 4.00-те) басталады. Жеңімпаздардың аты-жөні жазылған конверттерді ашу құрметіне Анджелина Джоли, Шарлиз Терон, Кевин Спейси, Ченнинг Татум, Джон Траволте, Джим Керри ие болады, деп жоспарлануда.