ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Лос-Анджелестің Сан-Педро ауданындағы Пек саябағында атыс болып, екі адам қаза тапты, тағы бес адам жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CBS News арнасына сілтеме жасап.
Қаза тапқандардың бірінің жасы 23-те, екіншісі 53-те. Біреуінің жағдайы ауыр.
Оқиға жергілікті уақыт бойынша 16:00-де 500-ге жуық адам жиналған автокөлік көрмесі өтіп жатқан саябақта болды.
Полицияның мәліметінше, атыс саябақтағы бейсбол алаңдарының жанында екі топ адам арасындағы жанжал салдарынан туындаған.
Оқ жаудырғандар бірнеше адам болуы мүмкін деген болжам бар. Оқиға орнынан бірнеше қару табылды. Ұсталғандар жоқ, тергеу жалғасуда.
Фото: cbsnews.com
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.