NBC телеарнасы шараны тікелей эфирде жүргізуде.
Бұл жыл сайын Голливудта аккредиттелген шетелдік журналистер қауымдастығы тағайындайтын, атақ жағынан «Оскарға» ғана жол беретін сыйлық. Жүлде өткен жылдың үздік кинематографы мен телебағдарламаларын қамтитын жиырмадан астам санатта беріледі.
Әзірге америкалық режиссер Дэмьен Шазеллдың "Ла-Ла Ленд" (La La Land) трагикомедиясы және Барри Дженкинстің "Айдың нұры" (Moonlight) драмасы көш бастап тұр.