«GGG - біздің чемпион. Лос-Анджелестің көптеген тұрғындары Канелоны қолдайды, өйткені мұнда көптеген мексикалықтар тұрады. Ал біз достарымызбен Головкинді қолдағымыз келді», - деді видеороликтің авторы Александр Михайлов.
«Алға, Қазақстан! Алға, GGG!» - деп қайталады Головкиннің жанкүйерлері.
Еске салайық, Головкин - Альварес айқасы 16 қыркүйек күні (Астана уақытымен 17 қыркүйек күні таңертең) Лос-Анджелесте (АҚШ) өтеді.