«Стейплс» спорттық-ойын-сауық орталығында «қызыл кілемнен» жүріп өткендер туралы репортаждар бүгін түнде (Лос-Анджелесте уақыт Астанада 14 сағат кейін), Астана уақытымен сағат 4-те Grammy.com сайтында басталады. Ал марапаттау рәсімін көрсетуді Си-би-эс телекомпаниясы таңғы 7-те бастайды.
Шағын «алтын граммофондар» 84 санат бойынша табысталады. Соның ішінде төртеуі ең беделді болып саналады. Олар: «Жыл альбомы», «Жыл жазылымы», «Жыл әні» және «Үздік жаңа әнші».